Артқа
Артқа

Пандемия басталған уақыттан бері дәрігерлерге 229 млрд теңгеден астам мөлшерде үстемеақы төленді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау мақсатындағы іс-шараларды қаржыландырудың қорытындылары туралы есеп берді және медицина қызметкерлеріне қаржылық қолдаудау көрсетудің жаңа моделіне көшу туралы айтып өтті.

2021 жылдың 1 - жарты жылдығының қорытындылары туралы айтумен қатар, Қордың COVID-19-дың таралуын болдырмаудағы, коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды диагностикалау мен емдеудегі іс-шараларды қаржыландыру бойынша рөлін атап өту маңызды.

1-ші жартыжылдықта КВИ-мен күрес аясындағы іс-шараларды қаржыландыруға барлығы 219 млрд теңге бағытталды, оның ішінде 197,6 млрд теңге ТМККК қаражаты есебінен, 21,4 млрд теңге МӘМС есебінен жасалынды. Оның ішінде медициналық қызметтер үшін жұмсалған қаржы 112,8 млрд теңге, ал COVID-ке қарсы күрес шараларына тартылған медицина қызметкерлеріне үстеме ақы 106,2 млрд теңгені құрады.

Қор басшысы айтып өткендей, дәрігерлерге қаржылық қолдау көрсету 2020 жылдың наурыз айынан бастап үш тәуекел тобы бойынша коронавирустық инфекцияны жұқтыру қаупі үшін төленетін үстемеақылар түрінде көрсетіледі: I топ – 850 мың теңге; II топ – 425 мың теңге; III топ-212,5 мың теңге. Ағымдағы жылдың маусым айына дейін осы мақсаттарға шамамен 229 млрд теңге бағытталды.

Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың ақпан айынан бастап дәрігерлерді басым түрде вакцинациялаудың арқасында (қамту 100% - ға жуық) олардың арасындағы аурудың қаупін айтарлықтай төмендетуге қол жеткізілгені туралы айтылды. Осыған байланысты тамыз-қыркүйек айларында ауруды жұқтыру қаупі үшін үстемеақылар төлеу әрбір тәуекел тобы үшін белгіленген мәндердің 50% мөлшерінде жүргізілетін болады. (I топ-425 мың теңге; II топ – 212,5 мың теңге; III топ-106,25 мың теңге).

"Мемлекет басшысының кеңейтілген отырыста берген тапсырмасына сәйкес, дәрігерлерді ендігі ынталандыру бойынша үстемеақылар жүйесі үстіміздегі жылдың қазан айынан бастап Эпидемиологиялық ахуалға қарамастан жұмыс істейтін медицина қызметкерлерін қолдау және ынталандыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылатын болады", – деп атап өтті Болат Төкежанов.

COVID-19 коронавирустық инфекциясымен күрес аясында эпидемияға қарсы іс-шараларда жұмыс істегені үшін төмендегі қызметкерлер қосымша ақы алатын болады:

- инфекциялық стационарлардың, провизорлық және карантиндік стационарлардың дәрігерлік, орта және кіші медициналық персоналы;

- дәрігер-реаниматологтар;

- дәрігерлік персонал, орта медициналық персонал және ЖМК, МСАК мобильді бригадаларының, медициналық авиацияның жүргізушілері;

- шұғыл стационарлардың, МСАК ұйымдарының қабылдау бөлімшелерінің қызметкерлері; сондай-ақ блок-бекеттерде карантиндік режимді қамтамасыз ететін денсаулық сақтау қызметкерлері;

- СЭС вирусолог-дәрігерлері мен зертханашылары; СЭС дәрігер-бактериологтары мен зертханашы-бактериологтары, СЭС сынамаларын қабылдау және іріктеу жөніндегі ЖМК және дәрігерлері, СЭС жүргізушілері, санитарлары және дезинфекторлары.

Кәсіптік тәуекелдер үшін берілетін қосымша ақы 14 қызмет үшін белгіленген лауазымдық жалақы мөлшеріне түзету коэффициентін қолдана отырып жүргізілетін болады.

Жоғарыда аталған қызметтерден басқа, оларға босандыру қызметінің, стационардың педиатриялық қызметтің, пульмонологиялық қызметтің, ядролық медицинаның, сәулелік диагностика қызметінің, патологоанатомиялық қызметтің, МСАК қызметінің медицина қызметкерлері де қосылады.

Аталған өзгерістерге байланысты жалақы дәрігерлер мен орта медициналық қызметкерлердің басым мамандықтары бойынша ұлғайтылатын болады (қосымша ақының мөлшері ең төменгі жалақының 1,5-тен 6-ға дейінгі мөлшерін немесе 63 750 теңгеден бастап 255 000 теңгеге дейінгі мөлшерді құрайды).

06.09.2021
66% считают статью полезной Была ли эта статья для вас полезной ?
Сонымен қатар оқыңыз
ОБЩЕСТВЕННО-КОНСУЛЬТАТИВНЫЙ СОВЕТ ФСМС: ДОСТИЖЕНИЯ И ПЛАНЫ
ҚОРДЫҢ ҚОҒАМДЫҚ-КОНСУЛЬТАТИВТІК КЕҢЕСІ: ЖЕТІСТІКТЕР МЕН ЖОСПАРЛАР
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында Қоғамдық-консультативтік кеңестің ағымдағы құрамымен соңғы отырысы өтті. Шарада 2024 жылдың алдын ала жұмыс қорытындылары шығарылып,  Қордың ахуалдық-талдау орталығының қызметі таныстырылды. Сондай-ақ басқа да өзекті мәселелер талқыланды.
25.12.2024
СКОЛЬКО ПЛАТИТЬ НА ОСМС В 2025 ГОДУ
2025 ЖЫЛЫ МӘМС-КЕ ҚАНША ТӨЛЕЙМІЗ
Қазақстандағы ең төменгі жалақы мөлшері бұрынғы деңгейде қалатындықтан, МӘМС төлемдерінің көбісі өзгермейді.
24.12.2024
ЗАПУСК СУР: КОМУ ЭТО ВЫГОДНО И КАК БУДЕТ РАБОТАТЬ
ТӘУЕКЕЛДЕРДІ БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІ: БҰЛ КІМГЕ ТИІМДІ ЖӘНЕ ҚАЛАЙ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ?
Медициналық ұйымдарды тәуекел аймақтарына бөледі. Олардың үштен екісі «жасыл дәлізге» кіреді. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында бұның қандай нәтиже беретінін түсіндірді.
20.12.2024
Барлығын көру
Подать обращение МӘМС калькуляторы Іздеу